531 миллиард теңге - Ғылымға бөлінген миллиардтар қайда кетіп жатыр

Сырым Қаржас
ашық дереккөзден

Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым комитеті төрағасының орынбасары Жайық Тоқтаров неліктен ондаған миллиард теңгеге тек екі отандық препарат өндірілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тоқтаровтың сөзінше, соңғы жылдары ғылымға бөлініп жатқан қаржы динамикасы жаман емес.

- Барлық қаражат конкурстық негізде бөлінгендіктен ең бірінші мәселе – патент алу. Оны негізгі талап ретінде қойып жатыр. Былтыр 1 шілдеде ғылым және технологиялық саясат заңының аясында 70-тен аса заңға тәуелді нормативтік актілер қабылданды. Соның ішінде біреуі технологияның дайындық деңгейі. Яғни осы деңгей арқылы іргелі ғылымнан бастап қолданбалы ғылыми зерттеулерге дейін 9 саты деңгейінде барлық конкурс жүзеге асып жатыр, – дейді Жайық Тоқтаров.

МИЛЛИАРДТАҒАН БЮДЖЕТ

Оның сөзінше, 2025-2027 жылдарға жарияланған конкурс аясында бір жылға 24 миллиардқа жуық қаражаттың конкурсы жүріп жатыр.

- Бағдарламалық нысаналы қаржыландыру аясында 30 миллиард теңгенің конкурсы жүріп жатыр. Қазір 2025-2027 жылдарға 531 миллиард теңге төңірегінде қаражат бөлінді. Бірақ бұл қаражат аясында конкурстық процедура әлі аяқталған жоқ, – дейді Тоқтаров. 

НӘТИЖЕ

- Ал нәтижеге тоқталар болсақ, барлық конкурстық құжаттамада бір жобаға технологияның дайындық деңгейінен бастап патент, акт, халықаралық деңгейде индекстелетін жоғары деңгейлі журналда мақала жариялаудың бәрі көрсетіледі. Ал қосарланған қаражат бойынша ғылыми технологиялық сессиялар өткізіліп жатыр. Мұнда да өндірістің ғылымға деген бетбұрысы, оны ғалымдардың келіп шешілуі секілді бір-бірімен байланыс орнап жатыр.  Былтырдың мысалында ғылыми зерттеу жұмысын жасаған қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ғалымдары селен деген элементтің жаңа технологиясын ойлап тапты. Ол Қазақмыс корпорациясында енгізіліп, қазіргі таңда 1,2 млрд пайда тауып отыр. Сондықтан жобалардың нәтижелері конкурс, одан соң үш жыл ғылыми зерттеу жүзеге асырылады, соның нәтижесінде деңгейге сәйкес нәтиже болады, – дейді Жайық Тоқтаров.