МӘН-ЖАЙ
ҚР ТЖМ “Сейсмологиялык зерттеу институты” ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 7 маусымда Астана уақытымен 08:33-те жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 279 шақырым жерде орналасқан.
Жер асты дүмпуі Алматыда 2 балл болып сезілген.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспеген.
ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ 10 ҚАДАМ:
- Жер асты дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
- Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
- Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
- Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда). Көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
- Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
- Дабыл жол сөмкесін алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
- Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.