Жамбыл облысында автобус пойызбен соқтығысып қала жаздады

Сырым Қаржас
ЖИ/Ulysmedia

Жамбыл облысындағы теміржол өткелінде қайғылы жол апаты бола жаздады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

“ҚТЖ” ҰК” АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 7 маусым күні болған.

Тараз — Шу учаскесіндегі Корагатты — Татты теміржол өткелінде болған. Қорағатты – Татты аралығының (Тараз – Шу учаскесі) күзетілмейтін реттелетін теміржол өткелінде жолаушылар пойызының машинисі шұғыл тежеуді қолданып, жақындап келе жатқан құрамның алдына жолға шығып кеткен автобуспен соқтығысудың алдын алды.

– Автобус жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалған. Локомотив бригадасының қырағылығы мен кәсібилігінің арқасында жолаушылар мен құрамға ықтимал зардаптарды болдырмауға мүмкіндік туды, – делінген хабарламада.

Болған оқиға туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді.

Еске салайық, бұған дейін Қостанайдағы станцияда пойыз бен көлік соқтығысқанын хабарлаған едік.