Қазақстанның қай өңірлерінде қуаңшылық болады – синоптиктер болжам жасады

Сырым Қаржас
Pixabay.com

"Қазгидромет" синоптиктерінің маусым айына арналған болжамына қарағанда, Қазақстанның бірқатар облысында қуаңшылық болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚУАҢШЫЛЫҚ БОЛАТЫН ӨҢІРЛЕР

Синоптиктердің мәліметінше, қуаңшылық мына өңірлерде болады:

  • Қостанай облысы – Амангелді және Жангелдин аудандары;
  • Ақтөбе облысы – Шалқар, Ырғыз және Ойыл аудандары;
  • Атырау облысы – Құрманғазы, Махамбет аудандары, сондай-ақ Атырау және Құлсары қалалары маңында;
  • Қарағанды облысы – Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандары;
  • Ұлытау облысы – Ұлытау және Жаңаарқа аудандары;
  • Абай облысы – Аягөз ауданы;
  • Алматы облысы – Балқаш және Жамбыл аудандары;
  • Жетісу облысы – Алакөл ауданының кейбір бөліктері;
  • Жамбыл облысы – Мойынқұм, Қордай, Т. Рысқұлов, Меркі, Сарысу және Талас аудандары;
  •  Түркістан облысы – Сарыағаш, Сайрам, Келес, Жетісай, Отырар, Сауран, Шардара, Төлеби, Түлкібас және Қазығұрт аудандары, сондай-ақ Шымкент қаласы;
  • Қызылорда облысы – Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары, Қызылорда қаласы және Арал ауданының кейбір бөліктері.

ОРТАША ЫЛҒАЛДЫ АЙМАҚТАР

  • Солтүстік Қазақстан облысы – Жамбыл, Тимирязев, Шал ақын, Есіл аудандары және Ғ. Мүсірепов атындағы аудан;
  • Қостанай облысы – Ұзынкөл, Қарабалық және Меңдіқара аудандары;
  •  Ақмола облысы – Егіндікөл ауданы.

Қазақстанның қалған аумағында ылғалдылық деңгейі климаттық нормаға жуық болады.