Әсел Жанасова президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, – деп ақпарат таратты Ақорда.
ӘСЕЛ ЖАНАСОВА
Әсел Жанасов 1987 жылы Алматыда туған. Кембридж университетін бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы “ENRC Kazakhstan” өндірісті автоматтандыру және байланыс департаментінің ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы болып бастады.
2016-2017 жылдары “Зерде” ҰБХ” АҚ басқарма төрайымы, 2018-2020 жылдары “Астана” халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры, 2020-2022 жылдары ҚР сауда және интеграция вице-министрі болды.
2022 жылғы 3 қазаннан бастап қазірге дейін “Қазпошта” АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарды.