Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Кездесуде Мемлекет басшысы армияның жауынгерлік дайындығын нығайту, басқару жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу, Арнайы операциялар күштерінің мүмкіндігін кеңейту, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды жаңғырту бойынша нақты міндеттер жүктеді.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қызметінен алып тастағанын хабарлаған едік.
Оның орнына әурен Қосановты қорғаныс министрі болып тағайындалды.