Алдағы күндері 38 градусқа дейін ыстық болады

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АУА РАЙЫ

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағына жылы ауа массалары келіп, жазғыдай жылы ауа райын қалыптастырады. Алайда, фронтальды жүйелердің ықпалы да сақталады.

Солтүстік өңірлерде күндізгі уақытта термометр бағаналары 25-33 градусқа дейін, ал оңтүстікте 30-38 градусқа дейін жылынғанымен, жаңбыр мен найзағай болады, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.