Желіге тағы да қазақстандықтардың жеке деректері тарап кетті. Аты-жөнімен қатар, жекен контактілер мен ЖСН деректері тараған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
SexuriXy.kz телеграм арнасының мәліметінше, мәселе архив деректерінде болып отыр. Тараған деректердің арасында азаматтардың аты-жөні, туған күні, ұлты, жынысы, ЖСН нөмірі, мекен-жайы бар. Жалпы алғанда желіге 15,8 миллион ЖСН, 16 миллион телефон нөмірі тараған.
Мамандардың алдын-ала болжамы бойынша мекен-жай бағанында стоматология, емхана, салық комитеті, университет және басқа ұйымдардың мекен-жайлары жиі кездеседі. Бұл мынаны көрсетуі мүмкін:
Былтыр шілдеде Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығы Қазақстан азаматтарының жеке деректері тағы да тарап кеткенін айтқан. Орталық Telegram мессенджерінде қолданушы BreachForums атты хакерлер форумындағы деректің бәрін желіге жария еткенін мәлімдеген.
Олардың қатарынан Spark атты көлік-логистика компаниясының деректері, Шәкәрім университеті студенттері мен талапкерлерінің дерегі, 2022 жылғы 24 маусымдағы B2B 2GIS Қазақстан мәліметтері, Yandex Food пен 2021 жылғы Fonbet-тің Қазақстан мен Ресейдегі пайдаланушыларының деректері табылған.
Қазақстанда жеке деректердің қорғалмағаны жиі сөз болады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік техникалық қызметі Zaimer.kz микроқаржы ұйымында 2 млн клиенттің жеке дерегі «қолды болғанын» хабарлаған. Сол уақытта компания серверіне шабуыл жасалған, азаматтардың жеке деректері (аты-жөні, электрон жәшігі, жеке құжатының нөмірі, жұмыс орны, мекенжайы, банк есепшотының нөмірі) телеграмға жарияланып кеткені айтылған.