Қытай киік популяциясын қалпына келтіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына 1,5 мың киік сыйға тарту туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде Ақорда хабарлады.
– Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай үкіметіне киік популяциясын қалпына келтіру мақсатында оларды Қытайдың батыс өңіріне қоныстандыру үшін 1 500 киік сыйлау жөнінде шешім қабылдады. Өз кезегінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұл шешімі үшін алғысын білдірді. Өйткені Қытай киік популяциясын қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр, – делінген ресми ақпаратта.
КОНТЕКСТ
Қазіргі таңда Қазақстан далаларындағы киік саны 2,5 миллионнан асып кетті. Бұл қарқынды өсімді «қазақстандық ғажайып» деп атап жүр.