Астанада өтіп жатқан "Орталық Азия - Қытай" саммитінде Қытай төрағасы Си Цзиньмин Орталық Азия елдеріне грант бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚЫТАЙ ТӨРАҒАСЫ НЕ ДЕЙДІ
Қытай Орталық Азия елдеріне халықтың әл-ауқатын арттыруға және өз даму жолдарын қолдауға бағытталған маңызды жобаларды іске асыру үшін 1,5 миллиард юань көлемінде қайтарымсыз грант ұсынуға дайын, — деді Си Цзиньпин Астанада өткен саммит барысында.
Сондай-ақ, Қытай алдағы екі жыл ішінде Орталық Азия елдеріне кәсіби даярлау курстарына қатысу үшін 300 квота бөлуді жоспарлап отыр.
САММИТ ЖАЙЛЫ
Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын қарсы алды. Мұндай саммит алғаш 2023 жылы Қытайдың Сиань қаласында өткен.