Іле Алатауында сирек кездесетін бірнеше жануар видеоға түсіп қалды

Сырым Қаржас
Видео кадры

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде сирек кездесетін бірнеше жануар фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚЫЗЫЛ КІТАПТАҒЫ ЖАНУАРЛАР

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мәліметінше, ғылыми мониторинг нәтижесінде жануарлар фототұзаққа түсіп қалған. Парк аумағында сүтқоректілердің 48 түрі мекендейді, олардың алтауы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.

ҚАНДАЙ ЖАНУАРЛАР КӨЗГЕ ТҮСТІ

Жабайы табиғатты бақылау мақсатында орман алқаптарына орнатылған фототұзақтар келесі ерекше сәттерді тіркеді:

  • Қызыл кітапқа енген Тянь-Шань қоңыр аюының үш дарасы
  • Түркістан сілеусіні
  • Марал
  • Сібір елігі

Парк өкілдері бұл видеолар жануарлардың табиғи ортадағы қозғалысын тіркеп, олардың тіршілік әрекетін бақылауға мүмкіндік береді.

- Бұл – еліміздің биоалуантүрлілігін сақтау бағытында жүргізіліп жатқан маңызды ғылыми-зерттеу және табиғатты қорғау жұмыстарының бір бөлігі, делінген жазбада.