Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қаншалықты өсетіні белгілі болды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетақы мен жәрдемақыны индексациялау мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жақыпованың айтуынша, министрлік 10,5% мөлшерінде индексация жүргізу туралы бастама көтерген.

– Индексациялау инфляция деңгейіне қарай жүргізіледі және бұл көрсеткішті Ұлттық банк болжам негізінде анықтайды. Тиісінше, Еңбек министрлігі Ұлттық банк есептеген шектер аясында ғана жұмыс істейді. Әр индексация мәселесі республикалық комиссияда қаралады. Биыл біз индексацияны 10,5% көлемінде жүргізуді ұсындық. Апта басында өткен республикалық бюджеттік комиссия бұл ұсынысты мақұлдады, – деді министр.

АЙТА КЕТЕЙІК

Қазақстанда базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері шамамен 32 мың теңге. Бұл ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы.