Мерзімінен бұрын парламент сайлауы өте ме - Әшімбаев нүкте қойды

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев күзде мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтеді деген болжамға қатысты жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Мәулен Әшімбаев қазір парламент көп заң қабылдап, белсенді жұмыс істеп жатқанын айтты. Сондықтан оның сөзінше, сайлауды мерзімінен бұрын өткізуге еш себеп жоқ.

– Ондай әңгіме көп емес. Бірақ мұндай ақпаратты таратқандар бар шығар. Бізде қазір жұмыс көп, заң жобалары көп қаралып жатыр. Сондықтан сайлау болады деп айтуға негіз жоқ, – деді Әшімбаев.

БҰҒАН ДЕЙІН 

Айта кетейік, бұған дейін Әшімбаев журналистердің бейбіт жиындарға қатысты қойған сұрағына жауап берген болатын