eGov Ресейге өтетіні рас па

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев eGov жүйесінің болашағына қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Министр Жаслан Мәдиев eGov жүйесі ресейлік «Сбер» компаниясына беріледі деген ақпаратты жоққа шығарды.

– Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы онлайн форматта қолжетімді. Сондықтан азаматтар үшін eGov қолжетімсіз болады дегенге біз жол бере алмаймыз. Бұл – мемлекеттік қызметтерді халыққа барынша ыңғайлы түрде ұсынуға мүмкіндік беретін аса маңызды құрал. Бұл ақпаратты кім таратып жатқанын білмеймін, бірақ мен сіздерге ресми түрде мәлімдеймін: eGov жұмысы жалғасады. Оны ешбір ресейлік компания басқармайды, – деді министр.

КОНТЕКСТ

Айта кетейік, 2021 жылы цифрлық даму министрлігі Қазақстанда жаңа цифрлық платформаны енгізу үшін ресейлік «Сбер» компаниясының шешімін таңдағанын хабарлаған еді. Ол кезде мемлекеттік ақпараттық жүйелерді бір платформаға біріктіру туралы сөз болған. Ведомствоның сол кездегі мәлімдеуінше, бұл жобаны жасау үш-бес жыл уақыт алады деп жоспарланған болатын.