Алматы облысында мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы антикордың ресми өкілі Данияр Бекайдаров хабарлады.
- Ол жер қатынастары саласында 750 миллион теңгеден аса сомаға алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Шенеунік жер учаскелеріне өтініш беру және оны сатудан айтарлықтай қылмыстық табыс алу мақсатында Қарасай ауданының жергілікті атқарушы органдарындағы лауазымды тұлғалардың көмегімен олардың нысаналы мақсаттарын қарастырып, құн айырмасын төлемей, өзгертіп отырған. Салдарынан мемлекетке 1 миллиард теңгеден аса материалдық залал келтірілді, дейді Бекайдаров.
Одан бөлек, ұрланған ақшаны жымқырып, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті заңдастыру бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүреді.
- Дәл қазір күдікті Қылмыстық процестік кодекстің 128-бабы негізінде Іле ауданының полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр, дейді антикордың ресми өкілі.