Сібір жарасы: Ақмола облысындағы екі ауылда карантин жарияланған

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Ақмола облысында сібір жарасының тарауына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ 

Министрдің сөзінше, Ақмола облысындағы Атбасар ауылынан 7 шақырым жерде мал жиналған. 

- Сол жерде 10 шақты малда сібір жарасы болған. Ол жерде сібір жарасының жерлеу орны болған. Сол жерде мал баққан. Он мал табылып, өлтірілді. Құқық қорғау органдары жұмыс істеді. Оқиға орнында дезинфекция жасап, карантин енгіздік. Мал баққан жерді қоршауға алдық. Жалпы екі ауылда карантин енгізілді, дейді министр. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, былтыр Атыраудағы мал базарында сібір жарасына байланысты карантин енгізілген болатын.