Перизат Қайратты тергеушілер изоляторда ұрғаны рас па (ВИДЕО)

Сырым Қаржас
Видео кадры

Астананың полиция департаменті Перизат Қайраттың "тергеу изоляторы қызметкерлері тарапынан соққыға жығылдым” деген мәлімдемесіне қатысты жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

9 маусым күні тергеудегі Перизат Қайрат прокуратура органдарына арыз түсіріп, мекеме қызметкері камера есігін күштеп жапқан кезде оны есік арасына қысып, дене жарақатын келтіргенін мәлімдеген.

- Бұл арыз бойынша жинақталған материалдар Астана қаласы полиция департаментіне жолданып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу аясында мекеменің бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделеніп, қызметкерлер мен куәлардан жауап алынды, делінген полиция хабарламасында. 

ТЕРГЕУ НӘТИЖЕСІ

Алғашқы тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша Перизат Қайрат мәлімдегендей, камера есігін жабу кезінде мекеме қызметкерлерінің оған дене жарақатын келтіруі туралы сөздері расталмаған. Бұған Перизат Қайрат өз арызында көрсеткен оқиға сәтіндегі бейнебақылау жазбасы дәлел болған.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалған.