Тоқаев Трамптың баж салығына қатысты хатына жауап берді

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ басшысы Дональд Трамптың Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын салу туралы хатына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОҚАЕВТЫҢ ЖАУАБЫ

Президент Қазақстан Америка Құрама Штаттарының бұрыннан келе жатқан сенімді сауда әрі инвестициялық серіктесі ретінде әділ, түсінікті және өзара тиімді сауда байланыстарын дамытуға бейілділігін атап өткен.

Қазақстан президенті сауда мәселелері бойынша рационалды шешім әзірлеу мақсатында еліміздің конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізген. 

- Қасым-Жомарт Тоқаев сауда проблемасына қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді, делінген жауапта. 

ТРАМПТЫҢ ХАТЫ

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстаннан жеткізілетін барлық тауарларға 25 пайыздық баж салығын енгізетінін жариялады. Трамптың айтуынша, бұл шешім Қазақстанмен арадағы «ұзақ мерзімді және тұрақты сауда тапшылығы» салдарынан қабылданған. Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жолданған хатында АҚШ басшысы көпжылдық келіссөздерге қарамастан, «екіжақты қатынастардың біржақты күйінде қалып отырғанын» атап өткен.

МИНИСТРЛІК НЕ ДЕДІ

Артынша сауда министрлігі Трамптың Тоқаевқа жазған хатына байланысты мәлімдеме жасады. 

ЭКОНОМИСТЕРДІҢ ПІКІРІ

Сонымен қатар, Ұлысмедиа бұл мәселеге қатысты экономистердің пікірін білген болатын.