Тоқаев үкіметке Алакөлдегі туризмді реттеуді тапсырды

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Алакөлдегі туризмді реттеуді тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АЛАКӨЛ НАЗАРДА

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың сөзінше, мемлекет басшысы халықтан келіп түскен көптеген шағымға байланысты Алакөл маңындағы әйгілі туристік аймақтың демалушыларды қарсы алуға дайындығы төмен екеніне үкіметтің назарын аударған. 

Атап айтқанда, қажетті туристік инфрақұрылым, қызмет көрсету мен қауіпсіздік лайық деңгейде қамтамасыз етілмеген.

ТАПСЫРМА

Тоқаев үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіріп, олқылық жіберген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.