Павлодарда көшедегі құбырды тазалаған жұмысшы қаза тапты

Сырым Қаржас
Известия / Дмитрий Коротаев

Павлодарда көшедегі құбырды тазалаған жұмысшы қаза тапты. Абайсызда болған өлімге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

МӘН-ЖАЙ

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға 12 шілде күні таңертең Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 17/1 мекенжайында болған.

ЖШС бірінің қызметкері нөсер кәрізінде құбырларды тазалау кезінде басынан алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Жұмысшы қорғаныш каскасыз болған.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.

Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында жер қазу кезінде топырақ опырылып, екі жұмысшы қаза тапқанын хабарлаған едік.