Астанада Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Кезекті отырыста прокурор айыптау актін оқыды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Айыптаушы тараптың мәліметінше, Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында жиналған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін бірнеше жеке кәсіпкермен келісімге келген.
ҚАЛАЙЖ ҮЗЕГЕ АСҚАН
Қайрат Қытайдан тауар сатып алынды деген сылтаумен ақша аударған, алайда шын мәнінде ешқандай тауар да, қызмет те жеткізілмеген. Ал кәсіпкерлер аударылған соманың 3–4,5%-ын комиссия ретінде алып отырған.
Айыптаушылардың айтуынша, Перизат Қайрат «су тасқынынан зардап шеккендерге көмек» деген желеумен жалпы көлемі шамамен 2,9 миллиард теңге жинаған.
СОТ
Еске салайық, бүгін Астанада Перизат Қайраттың соты басталды.