АҚШ Жоғарғы соты 14 шілдеде Дональд Трамп әкімшілігіне федералды білім министрлігін тарату процесін жалғастыруға мүмкіндік беретін шешім шығарды. Бұл АҚШ президентінің сайлауалды уәделерінің бірі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Жоғарғы сот Трамптың білім министрлігінің негізгі функцияларын басқа федералды агенттіктерге беру туралы шешімін бұғаттаған, сондай-ақ жаппай жұмыстан шығарылған қызметкерлердің жұмысын қайта қалпына келтіруге міндеттегентөменгі федералды соттың шешімін жойған.
Сотта Трамп әкімшілігінің әрекеттеріне Демократиялық партияның атынан шыққан 21 штаттың прокурорлары, сондай-ақ кәсіподақтар мен мектеп кеңестерінің өкілдері қарсы күресіп жатыр.
Білім министрлігі төңірегіндегі текетірес
АҚШ білім министрлігі 1979 жылы құрылған. Көптеген елдерден айырмашылығы, ол тікелей оқу бағдарламаларына жауап бермейді. Ол ең алдымен әкімшілік функцияларды орындайды. Атап айтқанда, федералды қаражатты кедей округтердегі мектептерге бөлу және мұқтаж оқушылар мен студенттерге көмек көрсетумен айналысады. Трамп пен оның жақтастары министрлік қаражатты тиімсіз жұмсайды, сондықтан оның функцияларын штаттарға бөліп беру керек деп есептейді. 20 наурызда Трамп білім министрлігінің функцияларын ең төменгі деңгейге дейін қысқарту туралы жарлыққа қол қойды. Министрлікті бір ғана жарлықпен тарату мүмкін емес, ол үшін заңнамаға түзетулер енгізу қажет.