Астанада Перизат Қайратқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігінің нұсқасы бойынша, ол анасы екеуі 3,5 млрд теңге жымқырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Президенттің су тасқыны кезінде жасаған үндеуінен кейін көптеген компания басшылары зардап шеккендерге көмек көрсетуге кіріскен. Олардың кейбірін Biz Birgemiz қорына айтарлықтай қаражат аударуға итермелеген себеп – интернеттегі жарнаманың көптігі. 10 мамыр күні бір акционерлік қоғамның шотынан қорға 200 млн теңге аударылған.
– Бізге бұл ұйым салмақты, сенімді мекеме болып көрінді. Жарнамада Перизаттың атынан несие төлемдерін тоқтату туралы үндеу болды, бұл да әсер етті. Шынымен де халыққа жаны ашитын адам сияқты көрінді, – дейді қорға 200 млн теңге аударған компания өкілі.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, күні кеше өткен сот отырысында "Асар-Уме" қоғамдық бірлестігінің президенті Асхат Нұрмашев Перизат Қайратпен қайырымдылық барысында қалай жұмыс істегені туралы айтып берген болатын.