Әуежай қызметкерін кепілге алу ісі: сот үкімі шықты

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Алматы қаласында сот 7 наурызда Алматы әуежайында әйелді кепілге алған Машрапбек Баратовқа үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол үш бап бойынша айыпталды: адамды кепілге алу, қару қолдана отырып бұзақылық жасау және терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру. Қылмыстық іс бойынша сот процесі сәуір айында басталған, алайда кейін қылмыстық-процессуалдық заңнаманың бұзылуына байланысты іс прокурорға кері қайтарылған болатын.

ҮКІМ

Сот Баратовты барлық бап бойынша кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Айта кетейік, Алматыда ер адам әуежай қызметкеріне пышақпен тап берген болатын. Телеграмда ер адам әуежай қызметкерінің шашынан ұстап алып, қоқан-лоқы көрсетіп жатқан видеосы тарады. Ер адамның қолында пышақ болған. 

Артынша белгісіз ер адам қаскөйге қызды жіберіп, кепіл ретінде өзін ұсынып, қасына келген.