Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты іс бойынша айғақтар зерттеліп жатқанда, прокурорлар Иван Дорнның есімі көрсетілген қызықты құжатты тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Прокурор Мадина Оразалинаның айтуынша, Иван Дорнға 9 мың еуро (қазіргі бағам бойынша шамамен 5,5 миллион теңге) төленген. Алайда Астанадағы концерт өтпей қалған.
– Мұнда сондай-ақ өткізілмеген фестивальдерге дайындыққа қатысты құжаттар бар. Мысалы, мына жерде Иван Дорнның өнер көрсетуіне байланысты 9 мың еуроға жасалған шот-фактура бар. Концерт Астанадағы гольф-клубта өтуі керек болған, бірақ фестиваль өтпей қалды, ал әртіске гонорар толық төленген, – деді Оразалина.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Перизат Қайраттың шотына 200 млн теңге аударған компания өкілі куәгер болған еді.
Сонымен қатар, күні кеше өткен сот отырысында "Асар-Уме" қоғамдық бірлестігінің президенті Асхат Нұрмашев Перизат Қайратпен қайырымдылық барысында қалай жұмыс істегені туралы айтып берген болатын.