АҚШ-та Boeing жолаушылар ұшағының қозғалтқышы әуеде өртеніп кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Boeing 767-400 ұшағының қозғалтқышы ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай отқа оранған. Жолаушылардың бірі ұшақ жерден көтерілмей тұрып-ақ техникалық ақаулар болғанын айтқан.
Оның сөзінше, Лос-Анджелестен ұшу кешігіп, ұшақ әдеттегіден баяу көтеріле бастаған, кейін ауада жылдамдығы төмендеп, биіктік қоспай қалған.
Ұшақ әуежайға оралып, сәтті қонған. Зардап шеккендер жоқ.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласында Cessna 550 жеңіл моторлы ұшағы әскери тұрғын үй кешенінің аумағына құлап түскені хабарланған еді.