Қазақстандық әйел пойызда босанып, нәрестесін санитарлық құбырға тастаған

Сырым Қаржас
azh.kz

Сот әйелді есі дұрыс емес деп танып, мәжбүрлі емдеуге жіберу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қайғылы оқиға 2025 жылғы 20 сәуірде Қарағанды – Сұрыптау – Сарыбел бағыты бойынша жүріп келе жатқан пойызда болған. Жолаушылардың бірі жол үстінде толғатып, вагонның санитарлық бөлмесінде босанып қалған.

Тергеу барысында анықталғандай, әйел психикалық аурумен ауырған. Ауру асқынған сәтте ол жаңа туған сәбиді санитарлық құбырға тастап жіберген. Нәресте теміржол жолына құлап, ауыр жарақат алып, көз жұмған.

СОТ ШЕШІМІ

Қарағанды облысының Осакаров аудандық соты әйелді қылмыс жасаған сәтінде есі дұрыс болмаған деп танып, оны арнайы медициналық мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберуге қаулы шығарды.