Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов шілде айында теңгенің күрт әлсіреуіне қатысты пікір білдіріп, қазіргі жағдай бақылауда деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оның айтуынша, ұлттық валютаға қысым көрсетіп отырған негізгі себептер — нарықтық, ал алыпсатарлық әрекеттер байқалмаған.
– Алыпсатарлық белсенділік байқалған жоқ. Жағдай тұрақты, – деді ол.
ТЕҢГЕ НЕГЕ ӘЛСІРЕП ЖАТЫР?
Ұлттық банк валюта бағамының төмендеуін бірнеше фактордың жиынтығымен түсіндіреді:
БАҒАМҒА КІМ ӘСЕР ЕТЕДІ?
Ұлттық банк валюта бағамына әсер ететін факторларды үш санатқа бөледі:
Ұлттық банктің мәліметінше, қазіргі құбылмалылық негізінен нарықтық және негізгі себептермен байланысты. Теңгеге қарсы алыпсатарлық шабуылдар тіркелмеген.
ИНТЕРВЕНЦИЯ ҚАЖЕТ ПЕ?
Ұлттық банк 2015 жылдан бері Қазақстанда еркін өзгермелі айырбас бағамы режимі қолданылатынын еске салды. Бұл — валюта бағамы әкімшілік жолмен емес, нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасады деген сөз.
– Егер валюта бағамының тұрақсыздығы алыпсатарлықтан туындаса — интервенция болуы мүмкін, бірақ себеп экономикалық болса, араласу керісінше зиян тигізуі мүмкін, – деп түсіндірді реттеуші.
Банк төрағасының айтуынша, орынсыз интервенциялар алыпсатарларға пайда әкеліп, экономиканың өзіне кесірін тигізуі мүмкін.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗЕВРТЕР – 52,2 МЛРД ДОЛЛАР
Ұлттық банк қазіргі таңда 52,2 миллиард доллар көлемінде халықаралық резервке ие екенін мәлімдеді. Бұл қаражат валюта нарығында шынайы дағдарыс туындаған жағдайда жағдайды тұрақтандыруға жеткілікті.
Айта кетейік, бүгінде еліміздегі айырбастау пунктерінде доллар бағамы шамамен 550 теңге деңгейінде саудаланып жатыр.