Денверде 179 адам мінген ұшақ өртенді

Сырым Қаржас
Видеодан алынған кадр

Денвер қаласынан ұшып шығатын кезде ұшақ өртеніп кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz CBS-ке сілтеме жасап.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

American Airlines әуе компаниясының Boeing 737 Max ұшағының шассисі тұтанған. Бортта 6 экипаж мүшесі мен 173 жолаушы болған — бәрі апаттық трап арқылы эвакуацияланды. Бес адамға медициналық көмек оқиға орнында көрсетіліп, біреуі ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаға байланысты әуежайда 87 рейс кешікті.

СЕБЕБІ

American Airlines мәлімдеуінше, ұшақ ұшар алдында техникалық ақау – дөңгелек шинасының зақымдануы тіркелген. Кейін әуе көлігі толық тексеріске жіберілді.

Жолаушылардың айтуынша, ұшақ ұшуға дайындалып жатқан сәтте қатты гүріл естілген.