Бразилия экс-президенті Жаир Болсонару үйқамаққа алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
4 тамызда Бразилия Жоғары соты Жаир Болсонаруды үйқамаққы алу туралы шешім шығарды. Сот шешіміне қарағанда, экс-президент 3 тамызда интернет арқылы жақтастарының алдында сөз сөйлеген. Ол сотқа қысым жасау деп бағаланған.
КОНТЕКСТ
70 жастағы Жаир Болсонару 2022 жылғы сайлауда жеңіліс тапқаннан кейін, Луис Инасио Лула да Силваның үкіметін құлатуға талпыныс жасады деп айыпталған. 2023 жылы 8 қаңтарында Болсонароның жақтастары Лула қызметке кіріскеннен кейін көп ұзамай Бразилиядағы Конгреске, Жоғарғы Сотқа және президент сарайына шабуыл жасаған.
Жаир Болсонару өзіне тағылған айыппен келіспейді. 30 шілдеде АҚШ экс-президенттің ісін қарап жатқан судья Александр ди Мораеcке санкция салған. Оны Болсонаруды саяси себеппен қудалады деп айыптаған.