Тоқаев Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығын құру туралы жарлық шығарды

Ulysmedia

Тиісті ;арлық бүгін жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығын құру туралы» жарлыққа қол қойды.

Жарлықта «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында» қаулы шыққаны жазылған.

Жарлықтың орындалуы Президент әкімшілігіне жүктелді.