Рамзан Қадыровты сынап, Қазақстанда ұсталған белсенді Шешенстанға қайтарылуы мүмкін

Ulysmedia
Фото: azattyq.org

Адвокат Мұрат Адам Алматыда ұсталған шешен белсендісі Мансур Мовлаевтің Қазақстандағы пана іздеуші тұлға мәртебесінің мерзімі аяқталуға жақын екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

«Шешен белсендісі Мансур Мовлаевтің Қазақстандағы пана іздеуші тұлға мәртебесінің мерзімі 2025 жылдың 19 тамызында аяқталады. Бірақ пана беру жөніндегі комиссия отырысын әлі күнге дейін белгілемеген. Бұл нені білдіруі мүмкін?», — деп жазады адвокат Мұрат Адам.

Контекст

Бұған дейін Алматыда ұсталған Ресей азаматы Мансур Мовлаевтің адвокаттары Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғау туралы талап арыз дайындап жатқанын мәлімдеген болатын.

Шешен белсендісі Мансур Мовлаев 2025 жылдың 13 мамырында Ресей құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша Алматыда ұсталып, тергеу изоляторына қамалған.

Мовлаев Шешенстанда билікті сынағаны үшін қудалауға ұшырағанын, азапталғанын, сондықтан Қазақстанға қашып келгенін. Ол егер Шешенстанға қайта жіберілсе өміріне қауіп төнетінін айтқан.

Адвокаттардың араласуымен Мовлаевқа Қазақстанда «пана іздеуші тұлға» мәртебесі берілген. Бұл мәртебе халықаралық құқық нормаларына сай, оны экстрадициялауға тыйым салады.