«Омикрон» нұсқасынан туындаған коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығы мен ағымының ерекшеліктерін ескере отырып, карантин және Ашықтағы мәртебенің өзгеру мерзімдері қайта қаралды. Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Сонымен, жақын байланыста болған және сиптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі 14-тен 10 күнге дейін қысқартылды. Бұл ретте, 7 тәуліктен кейін ПТР-зерттеудің теріс нәтижесі болған кезде карантин аяқталады», - деді министр.
Егер қандай да бір себептермен 7 тәулікке арналған ПТР-тест тапсырылмаса, онда карантин тестті қосымша тапсырусыз 10-шы күні аяқталады.
«Бұл өлшем шарттар Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің шектеу шаралары жөніндегі және жұмыс ережелері мен Ашықтағы мәртебенің өзгеруін айқындайтын қаулыларында көрініс тапты», - деді ол.