Кәсіпкерлер Шымкент әкімдігін сотқа берді

Ulysmedia
Фото: Ашық дереккөзден

Кәсіпкерлер Шымкент әкімдігін сотқа берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Оtyrar.kz. мәліметінше, ArtSportEdu жеткізушілер қауымдастығы бірыңғай мемлекеттік тапсырыстың пилоттық жобасының шарттарына байланысты Шымкент әкімдігін сотқа берді. Кәсіпкерлер жаңа ережелер жеткізушілермен кеңесусіз әзірленді және жобаға өзге ұйымдардың қатысуын мүмкін емес етеді дейді. Кәсіпкерлер тарифтердің төмендеуінен ғана емес, қатысушыларға қойылатын талаптардың қатаюынан да алаңдайды.

«Біз атқарушы органның, Шымкент әкімдігінің ұстанымымен келіспейміз. Біз олардың жеткізушілерті тыңдап, талқылап жатқанын көрмедік. Себебі жеткізушілер осы салада жұмыс істейді және олардың пікірлері ескерілуі керек. Қала бойынша шығарылған қаулы Балалардың құқықтарын, кәсіпкерлердің құқықтарын бұзады, олардың жағдайын нашарлатады. Осы себепті біз сотқа жүгіндік. Біз тарифтерге қанағаттанбаймыз, жеткізушілердің қалай жұмыс істеу керектігі туралы жоғары талаптар қойылады, олар жағдайды нашарлатады», - дейді ArtSportEdu жеткізушілер қауымдастығының құрылтайшысы Жанар Тұрғынбаева.

Бұдан өзге, кәсіпкерлер үйірмелерге арналған ғимараттар мен үй-жайлардың параметрлері, балалардың секциялар арасында ауысуы бойынша талаптар, сондай-ақ ваучерлердің түрлері мен оларды пайдалану тетіктеріне қатысты талаптар түсініксіз дейді.

Прокуратура жауабы

Шымкент прокуратурасының өкілі барлығы заң аясында болуы тиіс екенін айтты.

- Ваучерлік жүйе қосымша білім беруге енді ғана енгізілуде. Ваучерлік жүйе мектепке дейінгі білім беруге енгізілген кезде де осындай әңгімелер болды. Ваучерлік жүйе маңызды екенін түсініңіз. Егер 44 мың балаға ваучерлер бөлінсе, ол бұл ваучерді басқа жерлерде пайдалана алмайды. Барлығы заң бойынша болуы тиіс, - деді Шымкент прокурорының аға көмекшісі Қайсар Қалдыбаев.

Бұндай пилоттық жоба алты өңірде іске қосылды. Бұған дейін Шымкентте 500 үйірмеге 190 компания қызмет көрсететіні туралы айтылған. Жобаны іске асыруға қала бюджетінен 4,2 миллиард теңге бөлінген.