Астанада халық денсаулығы көрсеткіштерінің айтарлықтай өскені анықталды. Бүгінде Астанадағы орташа өмір сүру ұзақтығы республика бойынша орташа деңгейден 3,5 жылға жоғары, сондай-ақ 2029 жылға белгіленген нысаналы межеден екі жылға озып тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Төлеуованың айтуынша, елордада туберкулезбен күресте айқын нәтижелер байқалған. Аурушаңдық 21,5%-ға, ал өлім-жітім 6,5%-ға азайған. Инсультті емдеу кезінде госпитальдағы өлім-жітім 8%-ға қысқарып, ауруханадан шыққаннан кейін бір ай ішінде үйде қайтыс болу жағдайлары 32%-ға төмендеген.
Онкологиялық көмекте де оң өзгерістер байқалады: науқастардың 34,6%-ы аурудың бастапқы кезеңінде анықталуда, бұл кезде ем ең тиімді болып саналады. Сонымен қатар миокард инфарктін емдеуде көрсеткіштер жақсарған: барлық пациент чрескожды коронарлық араласу орталығына ұсынылған 120 минуттың ішінде жеткізіледі.
Жедел медициналық көмек жүйесі де әлдеқайда тиімді бола түсті. Қазір елордада жедел жәрдем шақыруларының 98,1%-ы 40 минут ішінде орындалады. Бұл көрсеткіш науқастардың өміріне қауіп төндіретін жағдайларда тәуекелді айтарлықтай азайтады.