Қазгидромет Қазақстан бойынша 2022 жылдың 27-29 қаңтарына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Жыл басында еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында 18-23 аралығында, кей жерлерде 26 градусқа дейін аяз болады.
Сондай-ақ, 28-29 қаңтарда батыс Қазақстанда, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстік циклонның өтуімен жауын-шашын болуы мүмкін. Таулы аудандарда қатты жаңбыр мен қар жауады.