Шымкент мұнай өңдеу зауытында автокөтергіш аударылып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Қайғылы оқиға оқшаулау жұмыстары кезінде болған. Белгілі болғандай, төтенше жағдай 26 тамызда тіркелген.
– Шымкент МӨЗ-нің ГФХ ТСЦ аумағында өліммен аяқталған өндірістік оқиға орын алды. Автокөтергіштің аударылуы салдарынан «КРС Астана» ЖШС мердігер ұйымының екі оқшаулаушысы көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, – деп хабарлады Қазақстан мұнай-газ қауымдастығы.
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС қауымдастық жариялаған ақпаратқа жауап ретінде, оқшаулау жұмыстары кезінде автокөтергіш аударылып, екі адамның қаза тапқанын растады.
– Оқиғаның себебін арнайы құрылған жұмыс тобы анықтап жатыр. Зауыт штаттық режимде жұмысын жалғастыруда, – делінген компания хабарламасында.