Жанәбіловтердің көлік ұтысына қатысты іс сотқа түсті

Сырым Қаржас
Видео кадры

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Іс материалдары

Сот органдарының «Сот кабинеті» жүйесіндегі деректерге сәйкес, іс бүгін, 28 тамыз күні қаралған.

Автокөлік ұтысы

Белгілі блогер Ерболат Жанәбілов (8,4 млн жазылушысы бар) және оның жұбайы Эльмира Толегенова (7,1 млн жазылушысы бар) 11 автокөлікті ақылы курс арқылы ұтысқа қойғаннан кейін дау-дамайға ілікті.

Қаржы мониторингі агенттігі мен Ойын бизнесін реттеу комитеті блогерлердің әрекеттерінің заңдылығын және ашықтығын тексеріп жатыр.