BionTech пен Pfizer «омикронға» қарсы вакцинаға бірлескен сынақ өткізбек

Ulysmedia

BionTech және Pfizer ірі фармацевтикалық компаниялары «омикрон» штамына қарсы вакцинаның бірлескен сынақтары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Олар коронавирустың нұсқаларынан қорғайтын және ұзақ уақыт бойы тиімділігін сақтайтын препараттарды жасау бойынша жұмыс жүргізуде. Клиникалық сынақтар 18-55 жас аралығындағы сау адамдардың қатысуымен өткізіледі. Сынақтар кезінде вакциналардың қауіпсіздігі, сондай-ақ олардың төзімділігі мен тиімділігі зерттелетін болады.

«Омикроннан» қорғауға бейімделген жаңа вакцина бойынша жұмыс 2021 жылдың 25 қарашасында басталған. Ал препараттарды жеткізу осы жылдың наурызына дейін жүзеге асырылмақ.