Air Astana ұшағы төтенше жағдайда Ақтауға қонды

Ulysmedia

Air Astana ұшағы төтенше жағдайда Ақтауға қонды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Қазнетте ұшақ бортында куәгерлер түсірген видео тарады. Видеоға қарағанда ұшақ ұшып шыққаннан кейін шамамен 30-40 минуттан кейін күрт төмендей бастаған. Салонға дыбыстар естілген.

«31 тамызда Алматы-Ақтау бағыты бойынша КС 859 рейсінің экипажы Ақтауға ұшып бара жатқанда техникалық ақау туралы баяндап, нұсқаулыққа сәйкес қонуды сұрады. Осыдан кейін ұшақ қауіпсіз эшелонға төмендеп, Ақтау әуежайына аман-есен қонды, - деп хабарлады Air Astana.

Қазіргі уақытта әуе кемесі тексеруден өтуде. Ақтау-Алматы KC 860 қайту рейсінің жолаушылары басқа ұшақпен тасымалданды.