Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова жүргізген ұтыс ойындарына қатысты дау жайында пікір айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Министрдің айтуынша, жеке тұлғадан ресми шағым түскен. Қазір толық тексеру жүргізіліп жатыр, іс сотқа жолданған.
– Бұл мәселе сотта шешіледі, – деді министр.
Журналистердің «ұқсас ұтыс ойындарын өткізетін басқа блогерлер де тексеріліп жатыр ма?» деген сұрағына Мырзабосынов бұл іспен министрлік комитеті айналысып жатқанын айтты. Алайда нақты есімдерді атаудан бас тартты.
Автокөлік ұтысы
Белгілі блогер Ерболат Жанәбілов (8,4 млн жазылушысы бар) және оның жұбайы Эльмира Толегенова (7,1 млн жазылушысы бар) 11 автокөлікті ақылы курс арқылы ұтысқа қойғаннан кейін дау-дамайға ілікті.
Сот
Бұған дейін іс сотқа түскені хабарланған болатын.