Инфо-сығандарға қылмыстық жаза қарастырылуда

Ulysmedia
Ulysmedia.kz коллажы

Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских демалыстан кейін бірден инфо-сығандарға қатысты бастама көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол блогерлердің лотерея ойнатып, пайдасыз курс сатып, халықты алдауын заңмен реттеу қажет екенін айтты.

- Кезінде адамдар адал еңбекпен нан тапса, қазір жеңіл табысқа құмар топтар пайда болды. Олар ғылыми негізі жоқ курстарды сатып, жалған уәде береді. Жеңіл табыс ешқашан жақсылыққа апармаған, – деді депутат.

Қазір мұндай әрекеттерге тек әкімшілік айыппұл қарастырылған. Енді мәселе Қылмыстық кодекске көшіру деңгейінде талқыланып жатыр. Қайталанған жағдайда қатаң жаза қолданылмақ.

- Инфо-сығандар қайта-қайта шыға береді. Сондықтан тек айыппұл жеткіліксіз, қылмыстық жауапкершіліксіз оларды тоқтата алмаймыз, – деді Шиповских.

Динара Жарқынбек