Халық күнделікті азық-түліктің қымбаттап кеткеніне наразы болса да, мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи жағдайды басқаша бағалап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ДЕПУТАТ НЕ ДЕЙДІ
- Мен Шығыс Қазақстанда, Семейде, Алматы облысында болдым. Сондай қатты бір қиыншылыққа тап болған халықты көрген жоқпын. Әрине, 1 қыркүйекке балаларына киім ала алмай отырған жекелеген отбасылар бар. Оларға аз да болса көмек көрсетуге тырыстық, – деді депутат журналистердің сауалына.
Депутаттың бұл сөзі қымбатшылық қысқан көпшіліктің жағдайымен қабыспай отыр. Соңғы айларда азық-түлік, киім-кешек пен коммуналдық қызметтердің бағасы шарықтап, халық наразылығы күшейген еді.
Динара Жарқынбек