Сарбасов ісінде жаңа күдіктілер анықталды

Ulysmedia
Фото: Primeminister.kz

Қазақстанның бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмади Сарбасов ісінде жаңа күдіктілер пайда болды. Олар бірігіп 75 мың доллар пара алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Парламент сенатының кулуарында қаржы мониторингі агенттігінің орынбасары Жеңіс Елемесов Сарбасов ісінде бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Дәулет Арғандықов және Fortebank акционерлік қоғамының бұрынғы басшысының орынбасары Руслан Омаров күдікке ілінгенін хабарлады.

- Қазіргі уақытта пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Оған қатысты уақытша ұстау шарасы қолданылды, — деді Жеңіс Елемесов.

ҚМА өкілінің ақпарынша, тергеу барысында күдіктілер арнайы бағдарлама арқылы «Бірінші кредиттік бюро» деректерін алғаны анықталды.

КОНТЕКСТ 

28 маусымда Алматыдағы экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері 75 мың доллар параны берген кезде күдіктілерді ұстаған болатын.

Авторы: Динара Жарқынбек