Бір айда терроризмге қатысы бар 12 адам сотталды

Сырым Қаржас
Фото: ҰҚК

Тамызда Қазақстанда экстремизмге қатысы бар 12 адам сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОТТАУ

2025 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының 12 азаматы террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталған. 

Олардың 11-і терроризм идеясын насихаттап, зорлық-зомбылықты ақтап және діни араздыққа шақырған, ал тағы 1-і лаңкестік ұйымға қосылу үшін шетелге шығуға дайындалған.

Олардың барлығы сот шешімімен кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.