"85 мыңды алмау үшін оқу керек, еңбектену керек" - министр Жақыпова

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы Светлана Жақыпова жалақың 85 мың теңге болмауы үшін не істеу керегін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

- Бір ғана кеңес: жалақың 85 мың теңгені болмауы үшін оқу керек, еңбектену керек, біліктілігіңді жоғары көрсету керек. Содан басқа жұмысқа орналасып, одан жоғары жалақы алу керек. Екіншіден, егер жанұя қиын жағдайға тап болса, үйде ақша табатын адам 85 мың теңге ғана тапса, анасы бала күтімімен отырса, мемлекет ол отбасыны қиын жағдайда қалдырмайды, дейді министр. 

Оның сөзінше, мұндай жағдайда бала күтіміне байланысты төлем беріледі. 

- Егер төлем күнкөріс деңгейінен төмен болса, онда атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бүгінде заң бойынша барлық әлеуметтік міндеттемелер толық орындалып отыр. Егер азаматтар сондай жағдайға тап болса, әлеуметтік басқармаларға барып, арыз беріп, көмекті ала алады, дейді Жақыпова. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Жақыпова жағдайы жақсы көпбалалалы отбасыларға берілетін көмек туралы айтқан болатын