15 қыркүйекте Астанада, Алматыда және Шымкентте ауа райы қандай болады

Сырым Қаржас
Pixabay.com

"Қазгидромет" синоптиктері 15 қыркүйекте Қазақстанның ірі қалаларындағы ауа райына қатысты болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Астанада ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы +3…+5°С, күндіз +14…+16°С шамасында болады.

Алматыда да ауыспалы бұлтты болады, бірақ жауын-шашынсыз. Әлсіз жел соғады. Түнде +12…+14°С, күндіз +23…+25°С дейін жылынады.

Шымкентте синоптиктер ауыспалы бұлтты ауа райын болжайды. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Түнде +14…+16°С, күндіз +23…+25°С болады.