Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың отбасы Кой-Таштағы резиденциясынан шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұрынғы президенттің ұлы мен қызының айтуынша, милиция есікті «болгаркамен» кесіп ашып, заттарды көшеге шығарған. Енді отбасы уақытша туыстарының үйінде тұрады. Қадырбек Атамбаев азаматтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп:
- Біз үшін ең бастысы — халқымызбен бірге болу, — деді.
ЕНДІ РЕЗИДЕНЦИЯ НЕ БОЛМАҚ
Kaktus Media мәліметінше, Атамбаевтар резиденциясының орнына қарттар үйі мен балабақша салу жоспарланып отыр. Ал отбасы бұл резиденцияның олардың жалғыз баспанасы екенін айтып, сот процесі әлі де жалғасып жатқанын жеткізді.
КОНТЕКСТ
Алдыңғы күні белгісіз адамдар Кой-Таштағы үйге екі рет шабуыл жасауға әрекеттенген. Бұған дейін Раиса Атамбаеваның бастамасымен отбасы билікке және Қырғызстан халқына ресми түрде жүгінген болатын.