Латвияда ресейлік тыңшы ұсталды

Сырым Қаржас
Фото: df.news

Латвияда ресейлік тыңшы ұсталды. Ер адам НАТО елдері туралы деректерді Ресейге беріп отырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Латвияда Ресейдің арнайы қызметіне тыңшылық жасады деген күдікпен ел азаматы қамауға алынды. Бұл туралы Латвия мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мәлімдеді.

ТЕРГЕУ

Латвия арнайы қызметінің нұсқасы бойынша, ер адам Ресейдің барлау қызметіне ел аумағындағы әскери нысандардың орналасқан жері мен қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтер берген. Сонымен қатар, Ресейге Латвия аумағында орналасқан НАТО одақтастарының әскері және елде салынып жатқан жаңа әскери нысандар жөніндегі ақпарат та жіберілген. Қазір мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Латвия күдіктіден алынған ақпарат тасығыштарды зерттеп жатыр.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Еуропада тыңшылық желісі анықталған болатын. Бұл іске Беларусь мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің де қатысы бар екені хабарланды.