Қазақстанның "қара нарығында" балаларды 500 мың теңгеге сатып жүр

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Адам саудасына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Шынар Көшербаева жаңа туған сәбилердің саудася туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Көшербаеваның айтуынша, кәмелетке толмағандарды сату бабы бойынша жыл басынан бері 19 іс тіркелген. Жаңа туған сәбилерді сату деректері еліміздің түкпір-түкпірінен анықталуда. Бұл қылмыстарға делдалдар да қатысады, олар арнайы схемалар құрып, өз бетінше ізденіс жүргізеді.

– Шетелге шығару фактілері жоқ. Сатып алушы да, сатушы да тең дәрежеде жауапқа тартылады. Кейде ата-аналар балаларын асырай алмайды. Әсіресе қалаға келіп, балалы болуды жоспарламаған қыздар бар. Материалдық жағдайының қиындығына байланысты осындай қылмысқа барады. Тәжірибеде 500 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейінгі сомаға сататындар кездеседі. Балалардың тағдырын сот шешеді. Бұл сома аз емес, бірақ адамның тауарға айналуы дұрыс емес. Бізде суррогат аналық заңды, ал оның нормаларын бұзу денсаулық сақтау министрлігінің құзырындағы мәселе, – деді ол.

КОНТЕКСТ

2025 жылдың басынан бері Қазақстанда адам саудасына қатысты 141 қылмыстық іс қозғалды. Ал 2024 жылдың 8 айында 137 дерек анықталған.